Санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызмет атқаратын денсаулық сақтау мамандарының біліктілік деңгейін беру және растау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге (ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы) енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Жаңартылған тәртіп «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша білімі бар мамандарға қолданылады және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет кадрларының кәсіби даярлығын бағалаудың бірыңғай, ашық және объективті тетігін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, бұрын біліктілік санаттары болған мамандар жаңа талаптар мен рәсімдер шеңберінде тиісті біліктілік деңгейін алу құқығын сақтайды.

Енгізілген өзгерістер мыналарды қамтамасыз етеді:

  • бұрын берілген біліктілік санаттарының сабақтастығын;
  • біліктіліктің деңгейлік моделіне кезең-кезеңімен көшуді;
  • кәсіби талаптардың ашықтығы мен салыстырмалылығын арттыруды;
  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуды.
  • Жаңартылған тәртіпті іске асыру денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясатты дамытуға, мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және үздіксіз дамуға ынталандыруға, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

Техническая спецификация

Сертификация Специалист с высшим медицинским образованием 

Сертификация Специалист со средним медицинским образованием 

 

Присвоение уровня квалификации Специалист с высшим медицинским образованием 

Присвоение уровня квалификации Специалист со средним медицинским образованием 

ҰТЕО

Қазақстан Республикасының кәсіби қоғамдастығы аккредиттеген және мойындаған жетекші, Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар түлектерінің құзыреттерін бағалау орталығы.

©2026 Национальный центр независимой экзаменации