
Денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби дайындығын бағалау
Академиялық бакалавриат түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау бітірушінің біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында оқытудың түпкілікті нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі және қорытынды аттестаттау құрылымына кіреді.
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының түлектері оқуды аяқтағаннан кейін бағалауға жатады.
Білім беру бағдарламаларының түлектерін бағалау екі кезеңнен тұрады:
- білімді бағалау;
- дағдыларды бағалау.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге "Денсаулық сақтау бакалавры" дәрежесі беріледі және дипломға (diploma Supplement (диплом саплэмент)) қосымшасы және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы бар жоғары білім туралы диплом беріледі, Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға мүмкіндік береді.
Бағалау ҰТЕО филиалдары мен өңірлік өкілдіктерінің немесе денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында түлектің таңдауы бойынша тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жүргізіледі.

