1 кезең «Білімді бағалау» – бір дұрыс жауабы бар бірнеше таңдаулы тест сұрақтары арқылы компьютерлік тестілеу.
Тест сұрақтарының жалпы саны – 100.
Білімді бағалау ұзақтығы 150 минут (2 сағат 30 минут) үзіліссіз.
Нәтижелерді есептеу: тест сұрағына әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл, қате жауап 0 балл беріледі.
Білімді бағалау нәтижесі барлық дұрыс жауаптар үшін ұпайларды қосу арқылы автоматты түрде қалыптасады және компьютерлік тестілеу аяқталғаннан кейін бірден көрсетіледі.
Білімді бағалаудың шекті деңгейі – тест сұрақтарының жалпы санынан 50 балл және одан жоғары дұрыс жауаптар.
Тест сұрақтарына апелляция бағалау (тестілеу) кезінде беріледі.
Ескерту:
Білімді бағалаудың шекті деңгейін еңсермеген түлек дағдыларды бағалаудан өтуге жіберілмейді.
2 кезең «Дағдыларды бағалау» модельдеу технологияларын қолдана отырып, объективті құрылымдық клиникалық/практикалық емтихан.
Клиникалық/практикалық станциялардың жалпы саны – 5.
Дағдыларды бағалау ұзақтығы – 50 минут үзіліссіз.
Нәтижелерді есептеу: әр станцияда әр дағдының орындалғаны үшін ұпайлар көрсетілген бағалау парағы бекітіледі. Әрбір дұрыс орындалған дағды үшін белгіленген ұпай саны есептеледі. Дұрыс орындалмаған дағды-0 ұпай. Бір станциядағы ұпайлардың нәтижесі барлық есептелген ұпайларды қосу арқылы автоматты түрде қалыптасады.
Дағдыларды бағалаудың жалпы нәтижесі барлық клиникалық/практикалық станциялар үшін дағдыларды бағалау нәтижелерінің орташа арифметикалық мәнін шығару арқылы қалыптасады.
Дағдыларды бағалаудың шекті деңгейі –қорытынды аттестаттау шеңберінде барлық станцияларда дұрыс орындалған дағдылардың 50% және одан жоғары деңгейін құрайды. Маман сертификатын алу үшін дағдыларды бағалаудың шекті деңгейі әр станцияда дұрыс орындалған дағдылардың 70% және одан жоғары.
Бағалаудың екінші кезеңінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияны түлек ҰТЕО-ға жазбаша түрде береді. Түлектің жазбаша өтінішіне белгілі бір станциядан өту процесінің бейне -, аудиожазбасы міндетті түрде тіркеледі.
Ескерту:
Кәсіптік даярлықты бағалаудың 2 кезеңінің шекті деңгейін еңсермеген түлектің Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі негізінде 6 (алты) айдан кейін қайта бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) өтуге құқығы бар.
Кәсіптік даярлықты қайта бағалау кезінде қанағаттанарлықсыз нәтиже алған түлектерге белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.