Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының мамандары «Көп нұсқалы тест сұрақтарын әзірлеу және сараптау әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізуде.
Қатысушылар оқу нәтижелерін сапалы бағалауға бағытталған заманауи емтихан материалдарын дайындау әдістерін меңгереді.
Тренинг аясында:
- жоғары деңгейдегі күрделі сұрақтарды әзірлеу бойынша тәжірибелік сессиялар өткізіледі;
- бағалау құралдарының әртүрлі түрлерін жасау бойынша практикалық жұмыстар беріледі.
Алынған білім мен дағдылар медициналық білім берудің негізгі кезеңдерінде жаңа тәсілдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

