
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен қоғамдық денсаулықты қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту.
Бұл меморандум медициналық білім беру, мамандарды кәсіби даярлау және медициналық қызметтердің сапасын арттыру салаларында күш-жігерді біріктіруге жасалған маңызды қадам болып табылады.
ҰТЕО қауымдастықтармен тығыз ынтымақтаса жұмыс істейді. Қауымдастық мүшелері мамандардың біліктілік деңгейлеріне сәйкес құзыреттерін бағалайтын сараптамалық комиссияның жұмысына қатысады, сондай-ақ емтихан материалдарын әзірлеу мен сараптауға атсалысады.

