
Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының мамандары «Көп нұсқалы тест сұрақтарын әзірлеу және сараптау әдістемесі» тақырыбында семинарды сәтті өткізді.
Іс-шара аясында қатысушылар:
- MCQ тест сұрақтарын (жаңа түрлері: F- және G-типтері) жазудың теориялық аспектілерін үйренді,
- Компьютерлік кейстер әзірлеуді меңгерді,
- Құнды практикалық дағдылар алып, оларды интерактивті форматта пысықтады.
Оқу нәтижелері бойынша оқытушылар тестолог/сарапшы сертификаттарына ие болды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысуы және кәсіби өсуге деген ұмтылысы үшін алғысымызды білдіреміз!
Мұндай семинарларды еліміздің басқа жоғары оқу орындарында да өткізу жоспарлануда.

