Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Назарбаев Университетінің медицина мектебі резиденттеріне IFOM халықаралық емтиханын өткізді

Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Назарбаев Университетінің медицина мектебі резиденттері үшін Халықаралық медицина негіздері емтиханын (IFOM) өткізді. IFOM — 2007 жылдан бастап әлемнің жетекші медициналық мектептерінде қолданылып келе жатқан, АҚШ-тың Ұлттық медициналық емтихан кеңесі (NBME) әзірлеген жаһандық емтихан форматы. Тест базалық және клиникалық пәндерді қамтиды.

ҰТЕО Қазақстандағы IFOM емтиханының ресми өткізуші ұйым болып табылады және болашақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттерін халықаралық стандарттарға сәйкес бағалауды қамтамасыз етеді.

Назарбаев Университетінің медицина мектебі резиденттері үшін бұл — халықаралық деңгейде бағаланудан өтіп, білімдерінің объективті деңгейін анықтауға және нәтижелерін жаһандық көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік.

Осындай бастамалар резиденттердің академиялық даярлығын күшейтіп,
Қазақстанның бәсекеге қабілетті медициналық қауымдастығын қалыптастыруға үлес қосады.

ҰТЕО

Қазақстан Республикасының кәсіби қоғамдастығы аккредиттеген және мойындаған жетекші, Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар түлектерінің құзыреттерін бағалау орталығы.

©2026 Национальный центр независимой экзаменации